Бишімбаев балаларының тегін өзгертуіне қарсы болмады

Жаңалықтар
view 119
news

Коллаж: Dalanews.kz

Апелляциялық алқа 12 қарашада Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру туралы шағыммен оның бұрынғы әйелінің талап арызын қарады. Сот мәліметінше, экс-министр балаларының тегін өзгертуіне қарсы болмады,- деп хабарлайды  janabastau.kz Dalanews.kz материалына сүйеніп.

Назым Қаһарман сотта Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыруды сұрады. Оның сөзінше, балалары әкесі қылмыстық жауапкершілікке тартылуына, қоғам тарапынан бұқаралық ақпарат құралдарында жағымсыз ақпараттар жариялануына байланысты психологиялық тұрғыда өздерін жайсыз сезінеді.

"Бірінші сатыдағы соттың шешімімен талапты қанағаттандырудан бас тартылды, өйткені жауапкер балаларға қатысты мұндай әрекеттерге жол бермеді. Қылмыстық құқықбұзушылық отбасы мүшесіне қатысты жасалған жоқ. Сондай-ақ, сот әкесінің балалардың тегін өзгертуге келісімін ескеріп, талапкерге осы мәселемен АХАТ органына жүгіну құқығын түсіндірді.

Бұл шешімге талапкер шағымданды. Апелляциялық саты кезінде жауапкер балалардың тегін өзгертуге және шетелге шығуына келісім берді. Апелляциялық саты сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. Сот актісі заңды күшіне енді",- деп жазылған елордалық соттың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *