Бишімбаев Салтанат қайтыс болған күні «Юлия Супер» есімді әйелмен хат алмасқан

Жаңалықтар
view 286
news

Фото интернеттен

Сот отырысында сотталушы Қуандық Бишімбаевтың телефоны, WhatsApp-тағы хабарламалары зерттелді, деп хабарлайды janabastau.kz.

Зерделеу барысында Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні Қуандық Бишімбаевтың бірнеше әйелге телефон соғып, хат жазысқаны анықталды.

Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні 9 қараша 19:07-де «Юлия Супер» есімді әйелге «боссың ба?» деп жазған. Оған: «Кірпік жабыстырып жатырмын. Қай уақытта?», - деп жауап қайтарады «Юлия Супер».

Сотталушы бұл жеке хабарлама болғандықтан оны көпшілікке оқымауды сұрады. Дегенмен, судья хабарламаны толық оқып берді.

Бишімбаев судья мен прокурорларға «Юлия Супердің» кім екенін түсіндіре алмады.

«Осының бәрін жазғаным Салтанатқа бірдеме болды деп ойламағанымды дәлелдейді», - деп қысқа қайырды ол. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *