Бишімбаевтың көзінен еш өкініш көрмедік - прокурор
Жаңалықтар
261
Сурет: Ашық дереккөзден
Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша жарыссөз басталды. Сотта дәл қазір мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова сөз сөйлеп жатыр, деп хабарлайды janabastau.kz.
"Мен мұндай жағдайды бірінші рет көріп тұрмын. Былай қарасаң ақылы да, білімі де бар сияқты. Сыртқы келбеті де жаман емес. Бірақ ең бастысы - жүрек жоқ. Көзінен өкініш, жанашырлықты да байқаған жоқпыз", – деп сипаттады прокурор Айжан Аймағанова Бишімбаевты.
Мемлекеттік айыптаушы Салтанатт басынан 12-13 рет соққы алғанын атап өтті.
«Бишімбаев бізге Салтанаттың басын дәретханаға қалай ұрғанын, содан кейін еденге қайта-қайта құлағанын айтып берді. Бірақ сараптамалар керісінше болып отыр», – деді ол.
Пікірлер (0)