Енді жаңа туған сәбилерге ЖСН бірден берілетін болады

Жаңалықтар
view 307
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Сенат депутаттары кейбір заңнамалық актілерге байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заңды мақұлдады, деп хабарлайды  janabastau.kz Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Cенатор Бауыржан Қаниев аталған құжат Қазақстанның 38 заңнамалық актісіне, оның ішінде 9 кодекс пен 29 заңға өзгерістер мен түзетулер енгізетінін жеткізді.

Олар:

  • жаңа туған нәрестелердің дербес деректерін жоғалту тәуекелдерін болдырмау үшін бала туғаннан кейін бірден жеке сәйкестендіру нөмірлерін беру;
  • байланыс операторларының байланыс инфрақұрылымына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • елді мекендердің бас жоспарлары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары шеңберінде байланыс желілерін орналастыру орындарын айқындау;
  • ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп объектілерінде цифрландыру кезінде шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша байланыс қызметтерін субсидиялау;
  • байланыс операторларын мүгедектігі бар адамдарға жеңілдікті тарифтер беруге міндеттеу;
  • алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу үшін антифрод-орталықтың құқықтық мәртебесі мен функцияларын бекіту.

«Жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарт талаптарын сақтауын бақылауға қажет ғарыштық мониторинг жүйесі арқылы орман қорын қорғау, сақтау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы заңнаманың бұзылуы туралы ақпарат алу да осы заңның аясында қарастырылған. Сондай-ақ, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктеріне телекоммуникация желілері мен кабельдік кәріздерді бюджет есебінен түгендеу құзыреті беріледі. Заң мақұлданған жағдайда байланыс желілерінің құрылысы жеделдетіледі. Байланыс қызметтерінің сапасы жақсарып, қамту аймақтары кеңейеді және абоненттер саны артады. Сонымен қатар, байланыс операторлары арасында бәсекелестік дамып, спутниктік байланыс жұмыс істей бастайды. Инвестициялық ахуал жақсарып, экономикадағы инновациялардың үлесі артады», – деді Бауыржан Қаниев.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *