«Біз бақытты баламыз» балаларға арналған әдеби шығармалар байқауы өтеді
Сурет: Ашық дереккөзден
«Тұма жырдың Тұманбайы» атанған аса көрнекті ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты «Балдырған» журналының ұйымдастыруымен
«БІЗ БАҚЫТТЫ БАЛАМЫЗ»
балаларға арналған әдеби шығармалар бәйгесін жариялайды
Байқаудың мақсаты:
Балалар әдебиетін дамытуға үлес қосып, жас ұрпақты отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, білімпаздық пен адалдыққа баулитын тартымды да мазмұнды шығармалар қатарын көбейту. Сол арқылы балалардың әдеби шығармаларды оқуға деген ынтасын арттыру.
Байқау номинациялары:
– Балаларға арналған өлеңдер;
– Балаларға арналған әңгімелер;
– Ертегілер.
Байқаудың шарты:
– Байқауға балабақша бүлдіршіндері мен 1-4 сынып оқушыларына лайықталып жазылған тілі көркем, тәрбиелік мәні зор, бұрын еш жерде жарияланбаған жаңа әдеби шығармалар қабылданады;
– Балаларға арналған топтама өлеңдер 5 беттен аспауы тиіс;
– Балалар арналған әңгімелер мен ертегілер 3 беттен аспауы шарт.
Байқауға ұсынылатын шығармалар компьютерде 14 кегльмен теріліп, 2025 жылдың наурыз айының 3-інен бастап, мамыр айының 20-на дейін байқауға жіберілуі керек.
Шығармаларды baldyrgan@kazgazeta.kz электронды поштасына немесе «Балдырған» журналы редакциясының мекен-жайына (050010, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 58 «А», 504-бөлме) жолдауға болады.
Байланыс телфоны: 8777 187 38 89.
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:
– Қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды;
– Қатысушының аты-жөні, байланыс телефоны, мекен-жайы, жұмыс орны, туған жылы көрсетілуі тиіс;
– Автордың аты-жөні көрсетілмеген, тақырыпқа сай келмейтін дүниелер қабылданбайды.
Байқау қорытындысы:
– Арнайы тағайындалған қазылар алқасының бағалауымен жеңімпаздар анықталып, байқау қорытындысы 2025 жылдың мамыр айының соңында шығарылады.
– Жеңімпаздар 1маусым – Балаларды қорғау күні марапатталады.
Бәйгеге жолданған үздік шығармалар «Балдырған» журналында жарияланады.
Бәйгенің жүлде қоры:
Балалар поэзиясы:
– Бірінші орын – 300 000 теңге;
– Екінші орын – 200 000 теңге;
– Үшінші орын – 150 000 теңге.
Балалар прозасы:
– Бірінші орын – 300 000 теңге;
– Екінші орын – 200 000 теңге;
– Үшінші орын – 150 000 теңге.
Ертегі:
– Бірінші орын – 300 000 теңге;
– Екінші орын – 200 000 теңге;
– Үшінші орын – 150 000 теңге.
Ынталандыру сыйлығы үшеу – 100 000 теңгеден.
Пікірлер (0)