"Біз - қазақстандықпыз": Оңтүстік Корея тұрғындары қазақ халқына алғыс айтты
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Бүгін қазақ халқына алғыс білдіргендер қатарында Қазақстаннан өздерінің тарихи Отаны – Корей Республикасына оралған қазақстандық корейлер де болды. Бұл елде 1 наурыз – мемлекеттік мереке, Тәуелсіздік қозғалысы күні. Корей халқының кейбір ұлттық батырлары 1937 жылы қазақ жеріне қоныс аударылып, қазақ халқының қолдауы арқасында аман қалған. Олардың қатарында Қызылордада өмір сүрген және сүйегі Оңтүстік Корея жерінде қайта жерленген генерал Хон Бом До мен ғалым Ге Бон У да бар. Бүгін қоғамдық ұйым мүшелері қазақ батырларының рухына тағзым етті, деп хабарлайды janabastau.kz.
1Қазақстандықтарға жасаған барлық жақсылығы үшін, қазақ жеріне қамқорлығы үшін зор алғысымызды білдіргіміз келеді. Өйткені қазір Қазақстаннан тыс жерде тұратын корейлер мақтанышпен және сенімді түрде "біз – қазақстандықпыз" деп айта алады. Әрине, Қазақстаннан тыс жерде тұратын корейлердің басты рөлі – Қазақстан мен Корея арасындағы көпір болу", - дейді Koryoin Global Network" қоғамдық ұйымының президенті Евгения Цхай.
Пікірлер (0)