Блогерді “референдум қарсаңында әдейі жалған ақпарат таратты” деген айыппен полиция ұстап әкетті
Жаңалықтар
292
Сурет: Ашық дереккөзден
Блогерді “референдум қарсаңында әдейі жалған ақпарат таратты” деген айыппен полиция ұстап әкетті. “Жұрттың баласы” YouTube арнасының авторы, блогер Мұрат Данияр полиция бөлімшесіне жеткізілді, деп хабарлайды janabastau.kz.
Бұл туралы блогер әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Оның мәліметінше, оған “референдум қарсаңында әдейі жалған ақпарат таратты” деген айып тағылған.
“Ештеңе етпейді. Қазір адвокатпен бірге полиция басқармасына келдім. Бәрін шешеміз. Бірақ сіздер мұны ескеріп қойыңыздар”, - деп хабарлады ол.
Пікірлер (0)