«Болашақ ойындары – 2026»: Влад Маринескуді Астана әуежайында ұлттық дәстүрмен қарсы алды
Жаңалықтар
21
Фотосурет: әлеуметтік желіден
Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирі аясында елордаға келген Халықаралық киберспорт федерациясының президенті Влад Маринескуді Астана халықаралық әуежайынан қарсы алды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.
Әуежайда құрметті мейманға қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды. Влад Маринеску ұлттық ас мәзірінен дәм татып, қазақ халқының қонақжайлық дәстүрімен танысты.
Астанада өтетін «Болашақ ойындары – 2026» спорт, технология және инновацияны тоғыстырған әлемдік деңгейдегі бірегей халықаралық жарыс болмақ.
Айта кетейік, халықаралық турнир 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада өтеді.
Пікірлер (0)