Брифинг. Қосшы қаласының қазіргі ахуалы

Қосшы жаңалықтары
view 184
news

Қала әкімі брифинг барысында Қосшының қала мәртебесін алған уақыттан бастап қаржы-экономикалық, іскерлік-кәсіпкерлік салаларының, мәдениет пен спорттың, сондай-ақ, руханияттың дамуы жайын айтты. «Осы ретте қаламызда жаңа әкімшілікаумақтық бірлік құрылуына байланысты қазан айының басында жасақталып, бүгінгі таңда 8 құрылымдық бөлімдер қалыптасты. Атап айтсақ, қалалық Прокуратура, Қосшы қаласының Соты, Ақмола облысының Мемлекеттік кірістер басқармасының Қосшы қаласы бойынша бөлімі, Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі, Қазынашылық коми2022 жылғы 7 маусымында Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов Ақмола облысы Өңірлік коммуникация қызметінің «Мемлекет басшысының Жолдауы шеңберіндегі аумақтық дамуы туралы» брифингіне қатысып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Қала әкімі брифинг барысында Қосшының қала мәртебесін алған уақыттан бастап қаржы-экономикалық, іскерлік-кәсіпкерлік салаларының, мәдениет пен спорттың, сондай-ақ, руханияттың дамуы жайын айтты. «Осы ретте қаламызда жаңа әкімшілікаумақтық бірлік құрылуына байланысты қазан айының басында жасақталып, бүгінгі таңда 8 құрылымдық бөлімдер қалыптасты. Атап айтсақ, қалалық Прокуратура, Қосшы қаласының Соты, Ақмола облысының Мемлекеттік кірістер басқармасының Қосшы қаласы бойынша бөлімі, Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі, Қазынашылық комитеті, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының филиалы, Білім бөлімі сынды бірқатар мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері өз жұмысын бастады. Қосшы қаласының Қоғамдық кеңесі, Ардагерлер кеңесі, «Жұмыспен қамту орталығы», «Жастар ресурстық орталығы» және «Тілдерді дамыту орталығы» құрылды, қалалық кітапхана және жаңа Мәдениет үйі ашылды. Сонымен қатар, қаламыздың инфрақұрылымдық, тұрғын үй-коммуналдық, әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында жұмыстар атқарылып, бүгінде бірқатар жоспарлар жүзеге асырылып отыр», – деді қала әкімі Гайдар Қасенов. Әкімнің айтуынша, қала инфрақұрылымын одан әрі дамыту үшін Қосшы қаласын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленген. Жоспар аясында – мектептер, балабақшалар, ауруханалар, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, инженерлік желілер салу көзделіп отыр. Бұлар бюджет қаражаты мен инвесторлар есебінен салынатын болады. «Кешенді жоспар аясында ең алдымен қала халқын жоғары сапалы сумен қамтамасыз ету қарастырылған. Қосшы қаласының негізгі су көзі Нижероманов кен орны, оған 17 ұңғыма қосылған. Алайда 6 ұңғымада әзірге су болмай тұр. Су шығыны тәулігіне 5-6 мың текше метрді құрайды. Ал жазда 10 мың текше метрге жетеді. Биылғы Қосшы қаласының аумағында 6 ұңғымаорнату жоспарланып отыр. Осы жұмыстар жүргізілгеннен кейін қаланы сумен қамтамасыз ету мәселесі жақсаратын болады», – деді қала әкімі. Сонымен қатар, әкім биыл қаламыздағы орталықтандырылған аумақтарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су құбыры желілерін салу жобасының 4-кезеңі басталғанын жеткізді. «Суды бұру мәселесіне келсек, қалада 77 кәріз стансасының 38-і істен шыққан. Қала тұрғындарының саны артуын ескере отырып, оның қуаттылығын 20 мың текше метрге дейін екі есеге арттырып, қаланың тазарту құрылыстары кешенін қайта құру жоспарланып отыр», – дейді Гайдар Қасенов. Брифинг барысында өз шешімін күтіп тұрған мәселелердің бірі – қаланы электр қуатымен қамту туралы да айтылды. «387 толық трансформаторлық қосалқы станциялардың 215-і мемлекеттік, 150-і жекеменшік, 22-сі толық трансформаторлық қосалқы станциялар «Ақмола электр- желілік үлестіру компаниясы» АҚ балансында. Биыл станцияларда апатты жағдайларды азайту мақсатында электр желілерін жөндеуге 36 миллион теңге бөлінді. Желілермен қамтамасыз етілмеген учаскелерді қамту үшін электрмен жабдықтау желілерін салудың 4-кезеңінің жобасы әзірленіп жатыр», – деді Қосшы қаласының әкімі. Қосшы қаласында шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі – қаладан қоқыс шығару. Қаладан ай сайын шамамен 1000 текше метр қоқыс шығарылады. Бұрын тұрмыстық қатты қалдықтар Тайтөбе ауылының маңындағы рұқсат етілмеген полигонға шығарылып келген. Бұл туралы қала әкімі 2022 жылғы 17 мамырынан бастап қоқыс Нұр-Сұлтан қаласындағы рұқсат етілген полигонға шығарыла бастағаны және қазіргі таңда қоқыс шығырудың жаңа тарифін бекіту мәселесі рәсімдерге сәйкес қарастырылып жатқандығы туралы мәлімдеді. Брифингте мұнан өзге қаладағы жолды жөндеу және салу жоспары, мектептер мен балабақшалар, тамыз айында ашылатын қалалық емхана хақында жан-жақты ақпараттар берілді. Қосшының қала мәртебесіне ие болуы аймақтың инвестициялық әлеуетін арттырғанын айта келіп, оны қалада көптеп ашылып жатқан бизнес объектілерінен және инвесторлардың қызығушылықтарынан байқауға болатынына да тоқталып өтті. «Биылғы қаңтар-сәуір айларында қала экономикасына 5,1 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылды. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны айтарлықтай өсуде. Нақтырақ айтар болсақ, 37%-ға артып, 1,6 мың бірлікті құрады», – деді қала әкімі. Гайдар Қасеновтың айтуынша, биыл өнеркәсіп өнімінің көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге өсіп, 2,9 млрд. теңгеге жеткен. Кәсіпкерлікті дамыту аясында құны 1 млрд. теңге тұратын 4 жоба жүзеге асырылып отыр. Бұл жобалар 103 жаңа жұмыс орнының ашылуына себеп болды. Биыл Қосшы қаласында 571 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланса, оның 341-і тұрақты жұмыс орны болады (бүгінгі таңда 279 жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде 241-і тұрақты). Сондай-ақ, брифингте Гайдар Қабдоллаұлы Қосшы қаласын қала мәртебесіне лайық дамыту бағытын баяндай келіп, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында көрсетілген басым бағыттарды іске асыру және қаланың әлеуметтікэкономикалық дамуын арттыру мақсатында қалалық әкімдік, аймақтық мемлекеттік органдар және тұрғындармен бірлесе отырып, күш жұмылдыратынын . Айта кетейік, Қосшы қаласының әкімдігі құрылған күнінен бастап «Ашық әкімдік» форматында жұмыс істеп келеді. Қала әкімі әр аптаның сәрсенбісі сайын қала халқын жеке қабылдап, тұрғындармен байланысын үзген емес.

Жомарт ЖЫЛКЕЛДІҰЛЫ

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *