Бүгін бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жаңалықтар
view 91
news

Фото интернеттен

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің жеті облысында тұман түсіп, дауыл тұрып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды janabastau.kz.

Павлодар, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарының солтүстігінде және батысында түнде және таңертең тұман түседі.

Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде және солтүстігінде тұман басады.

Күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнап, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Шымкентте күннің екінші жартысында найзағай ойнап, қатты жел тұрады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *