Су тасқыны қаупіне байланысты бірнеше республикалық жол жабылды

Жаңалықтар
view 138
news

Фото интернеттен

5 сәуір сағат 09:00-дегі жағдай бойынша республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолдарында қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды janabastau.kz.

Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Атырау, СҚО, Қостанай) 6 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3280 метр болатын су тасқыны болды.

6 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолында қозғалысқа шектеу енгізілді.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 285 бірлік техника мен 312 адам жұмылдырылған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *