«Бұралаң сөз бұтыма»: Айман өсек айтқандарды орнына қойды
Жаңалықтар
141
Фотосурет: әлеуметтік желіден
Тұрсынбектің тоқалы Айман есімді келіншек кезекті жазбасымен оқырмандар назарын аударды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл жолы ол өзіне бағытталған түрлі пікірлерге жауап беріп, өсек айтып, орынсыз сөз жазатын жандарды сынға алды.
Айманның айтуынша, кейбір адамдар жақсы сөз айтудың орнына, теріс пікір таратуды әдетке айналдырған. Жазбасында ол жасы үлкен кейбір әйелдерге қарата да өткір ойын жеткізген.
«Жасарын жасап, асарын-асап болған, өсектен басқа айтар тірлігі жоқ... Бұралаң сөз бұтыма! Ауыз өзіңдікі болғанымен, шығатын жер біреу екенін ұмытпа», – деп жазды ол.
Пікірлер (0)