«Былық бұрын да болған...»: Белгілі саясаттанушы Жеңіс Қасымбекті қатаң сынады

Жаңалықтар
view 203
news

Фото Informburo.kz

Саясаттанушы Ербол Еділов Астанадағы жарнамалық баннерлер мен маңдайша жазулары мәселесіне қатысты мәселе көтеріп, қала әкімі Жеңіс Қасымбекті дизайн-кодты сақтаудағы әрекетіне сын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

 

Оның пікірінше, Астанада жарнамалық конструкциялар бойынша тәртіпсіздіктер бар.

Астананың әкімдігі жариялаған дизайн-код бір жылдан астам уақыттан бері сақталмай келеді. Бұл – қала әкімінің PR-қадамы ма, әлде нақты бақылаудың жоқтығы ма? Қалада жарнамалық баннерлер хаосында нақты бардак қалыптасқан. Қаланың қандай жерінде дизайн-код сақталмайтынын көргендер фото жіберсін, – деді ол.

Саясаттанушы әкім Жеңіс Қасымбектің бұл мәселеге жеткілікті көңіл бөлмегенін атап өтті.

Дизайн-код бойынша былық бұрын да болған, қазір де сол қалпында, – деді Еділов.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *