Данияр Ізбасаров Қосшы қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды

Редакция таңдауы
view 355
news

Данияр Ізбасаров 1985 жылдың 23 маусымында Алматы облысы Балхаш ауданы Жиделі ауылында дүниеге келген. 2006 жылы Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің заң факультетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. 2008 жылы Т.Рысқұлов атындағы экономикалық университеттің есеп және қаржы мамандығын бітірген. Құқық қорғау органдарында 2007 жылдан, ал прокуратура органдарында 2009 жылдың қазан айынан бастап қызмет атқарады. Әр кезеңде Солтүстік-Қазақстан облысының Петропавл қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Солтүстік-Қазақстан облысы прокуратурасының басқарма прокуроры, Бас көлік прокуратурасының басқарма прокуроры, аға прокуроры, басқарма бастығының орынбасары және басқарма бастығы, Бас прокурордың көмекшісі лауазымдарында жұмыс жасап, қажетті тәжірибе жинаған. 2021 жылдың 26 мамырынан бастап Бас прокуратураның Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметіндегі Бас Прокурордың аға көмекшісі лауазымын атқарған. Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны және қызметтегі жетістіктері үшін Бас Прокурордың және Бас көлік прокурорының бұйрықтарымен бірнеше рет марапатталған.

Дана Төлеген

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *