Қосшылықтар өтінішті қосымша арқылы бере алады

Редакция таңдауы
view 211
news

Енді жүргізуші куәлігін алғаш рет алатын азаматтар «Мобильді ХҚКО» қосымшасы арқылы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына емтихан тапсыруға өтініш беріп, алдын ала кезекті брондай алатын болады. Бұл жаңашылдық уақыт үнемдеуге әрі МХҚО-дағы қызмет алушылар ағынын азайтуға септігін тигізеді. Ол үшін қолданушыға «Мобильді ХҚКО» қосымшасында «Бейне қызметті» таңдау керек. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметіне сүйенсек, бұл сервис қызмет алушы алғашқы ақпаратты алу үшін МҚКО операторымен байланыстырады. Одан кейін клиентке мемлекеттік бажды төлеуге немесе алдын ала төленген түбіртекті ұсынуға мүмкіндік беріледі. Төлем жасалғаннан кейін № 073/у формадағы медициналық анықтаманың, автомектепті аяқтағаны туралы куәліктің, қызмет алушы суретінің сканерленген нұсқаларын және талапқа сәйкес қойылған қолтаңбаны сұрататын болады. Оператормен сөйлесу барысында аталған барлық құжатты диалогтық терезеде тіркеу қарастырылған. Айта кететін жайт, азамат өтінішті сәтті тапсырғаннан кейін, МХҚКО-ға алдын ала кезекті брондау үшін емтихан тапсыратын күн мен уақыт ұсынылатын болады.

«Бұрын емтихан тапсыратын азаматтар өтініш беру және төлем жасау үшін МХҚКО-ға баруға міндетті болатын. Енді бұл қызметті үйден шықпай, онлайн алуға болады. Яғни бейнеқоңырау арқылы өтініш беріп және кезекті алдын ала брондайды. Одан кейін клиент МХҚКО-ға бекітілген уақытта келіп, емтиханын тапсырып кете алады. Болашақта өтініш беру функциясын электронды порталға және екінші деңгейлі банктердің ақпараттық жүйелеріне енгізу жоспарда бар», деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КеАҚ Басқарма Төрағасы Сүйеніш Әбділдин.

Айта кетейік, сервиспен eGov mobile қосымшасында да қолдануға болады. Ол үшін басты беттегі «БейнеХҚКО» батырмасын таңдау қажет.

Дана Төлеген

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *