Дәптерге жарымай жүрген Қазақстан – Ресейдің губерниясы ма

Жаңалықтар
view 147
news

Фотосурет ашық дереккөзден

Қазақстанда қазақша жазуы бар дәптер табу қиынға соқты – әлеуметтік желі қолданушысы

Kaspi арқылы мектепке құрал-жабдыққа тапсырыс берген әлеуметтік желі қолданушысы Еңлік Ақдәулет қазақ тілінде жазылған дәптердің жоқтығына назар аударды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

"Мыңдаған дәптердің арасынан сыртында "Дәптер" деген жазуы барын әрең таптым. Оның өзі тек Abdi.kz дүкенінде ғана сатылады", – дейді ол.

Автордың айтуынша, дүкен сөрелерінде "тетрадь" қаптап тұрғанымен, қазақша дәптер болмаған. Сатушы қоймадан ғана бірер данасын тауып берген.

"Біз сонда Ресейдің губерниясымыз ба, дәптерге жарымай қалған? Көбірек неге алып қоймайсыздар?" – деп жазды Еңілік Ақдәулет.

Ол бұл мәселеге байланысты: "Ертең біреу сырты қытайша жазылған дәптер сатсыншы, шу ете қаламыз. Бірақ орысша жазуға көзіміз үйреніп кеткен, байқамаймыз да", – деп пікір білдірді.

Айта кетейік, жазба әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *