"Шетінеп кетті деп сатып жіберген": АҚШ-та өскен қазақ қызы 25 жылдан кейін туған ата-анасымен табысты
Alash.kz коллажы
АҚШ-та өскен қазақ қызы 25 жылдан кейін туған ата-анасымен табысты, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.
Орал әуежайында түсірілген бейнежазбада 25 жыл бұрын қайтыс болды деп есептелген қыздың ата-анасымен қайта қауышқан сәті көрсетілген.
2000 жылы Батыс Қазақстан облысының тұрғынына перзентханада жаңа туған сәбиінің шетінеп кеткені туралы хабарланған. Алайда ширек ғасырдан соң нәрестенің тірі екені анықталды.
Қазір бойжеткен асырап алған әкесімен бірге АҚШ-тан туған еліне оралды. Ал әпкесі Айымгүл бұл әсерлі кездесуді видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады.
Осы оқиғаға байланысты үш дәрігердің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мәліметінше, олар сәбиді заңсыз шетелге шығарып жіберді деген күдікке ілінген.
Пікірлер (0)