«Дәретін ішкізіп, нәжісін жегізді»: емшінің ұлы әкеден көрген қорлығы туралы айтып берді
Сурет: Ашық дереккөзден
"Асырап алған балаларын азаптады" деп айыпталған шымкенттік емшінің тұңғышы әкесінен көрген қорлығын "Көреміз" бағдарламасында баяндады, деп хабарлайды Janabastau.kz.
Көкбұлақ ауылының емшісі болған Ұлықбек Сманов балалар үйінен алты баланы асырап алып, үш жыл бойы қорлық көрсетіп келген. Адам айтса нанғысыз қатыгездік туралы балалардың тұңғышы біраз шындықты айтып берді.
“Әкем жиі қол көтеретін. Қойлар жоғалса, мені ұратын. Таңда тұрғызып, малға шөп салғызатын. Басымды жарып, өзінің дәретін ішкізді. Ол үйде жүре бергенде менің жағдайым қиын болатын. Күн сайын ауыр жұмыстар істеткізетін, тек сабаққа кеткенде ғана сәл демалатын едік. Сабақтан келген бойда малдың шөбін салып, қораға кіргізетін. Қыста малдар өліп қалса, етін бізге сойып беретін. Бәріне бізді кінәлайтын. Малға бірдеңе болса бізді таяқтың астына алады. Бір күні өлген иттің етін де жегізді. Үйдегі төрт баланың қолын байлап қояды. Жан-жаққа кетіп, ойнап кетпеуі үшін қолдары байлаулы жүретін. Көрші адамдар көрді. Бауырларым дәретін жіберіп қойса, нәжісін жегізетін еді”, – деді бала.
16 жастағы баланың бойындағы өзгерістерді мектептегі сыныптастары да мұғалімдері де байқамаған. Тіпті ата-аналар жиналысына келіп отырған әкенің де психикалық сырқатын байқамаған.
Айта кетейік Ұлықбек Смановтың соты өтті. Бірақ оның созылмалы психикалық ауруына байланысты сот қатыгез емшіні түрмеге емес, жындыханаға жіберілді.
Пікірлер (0)