Қазақстанда ойын бизнесі және лотерея комитеті құрылмақ

Жаңалықтар
view 376
news

Сурет: kazislam.kz

Елімізде Туризм және спорт министрлігіне қарасты Туризм индустриясы комитетін қайта құруды жоспарлап отыр. Тиісті қаулы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Janabastau.kz.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің құрамынан Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетін бөлу жолымен қайта құру туралы шешім қабылдады», – делінген құжатта.

Қаулы жобасын қабылдау аталған коми­тетке салалық мәселелерді дербес және тиімді шешуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Бұған дейін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңна­малық актілеріне ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы екінші оқылымда қаралып, қабылданған болатын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *