Димаш Құдайберген Мексикада қос концерт береді
Жаңалықтар
76
Сурет: Ашық дереккөзден
Әнші Мексика астанасында қатарынан екі жеке концерт өткізетінін хабарлады. 8 қазанда өтетін алғашқы шоу билеттері әп-сәтте өтіп кеткен соң, жанкүйерлердің өтініші бойынша екінші концерт те жоспарға қосылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
"Stranger" атты бұл қос шоу мексикалық көрерменге ерекше әсер сыйламақ. Екінші концерт 10 қазанда Мехикодағы әйгілі Palacio de los Deportes сахнасында өтеді.
Билеттердің алдын ала сатылымы 14 тамыз күні сағат 11:00-де Banamex жүйесінде басталады. Жалпы сатылым 15 тамызда, жергілікті уақытпен сағат 11:00-де ашылады.
Пікірлер (0)