«Ресейде Димашқа тең келетін вокалист жоқ» – Игорь Крутой

Жаңалықтар
view 84
news

Фотосурет ашық дереккөзден

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге әлемдік деңгейде жоғары баға беріліп отыр. Ресейдің атақты композиторы Игорь Крутой «БИЗНЕС Online» басылымына берген сұхбатында Димаштың бірегейлігін ерекше атап өтті. Бұл туралы JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды.

Маэстроның айтуынша, олардың ешқашан ресми келісімшарты болмаған: «Біз тек бір-бірімізге көмектестік. Мен музыка жаздым — ол шырқады», – дейді ол.

Димаштың алдағы концерттері:

5 қазан — Нью-Йорк, Madison Square Garden (20 мың орын);

қараша — Мехико, 12 мың көрерменге арналған шоу. Билеттер небәрі 1 сағат 15 минутта түгел сатылған.

Крутой Димаштың әлемдік жұлдыз екенін мойындап:

«Ресейлік вокалистер арасында оған тең келетін ешкім жоқ. Димаш — ондай жалғыз!» – деп түйіндеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *