Қоқыс тастауға шыққан жасөспірім 1 айдан кейін табылды
Жаңалықтар
188
facebook.com/baan.akimbaeva
Алматыда қоқыс тастауға шығып, із-түссіз жоғалған жасөспірім бір айдан кейін табылды, деп хабарлайды Janabastau.kz.
16 жастағы Айдос Әкімбаев 28 шілде күні Мамыр-3 шағын ауданындағы үйінен қоқыс тастау үшін шығып, жоғалып кеткен еді. Жасөспірімнің анасы әлеуметтік желіде қазақстандықтардан көмек сұрады.
Бүгін, 22 тамыз күні жасөспірімнің анасы Баян Әкімбаева желіде жазда жариялап, ұлының табылғанын мәлімдеді.
“Баламды таптым. Айдосым қазір жанымда. Барлықтарыңызға қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс білдіремін. Отбасыма, жақындарыма, әріптестеріме және достарыма. Құдайға шүкір”, – делінген жазбада.
Пікірлер (0)