Домбыра тартты — министр көйлегін жыртып жіберді: Тазабек айтпаған оқиғаны айтты

Жаңалықтар
view 269
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 85 жасына орай бұрын еш жерде жарияланбаған, көпшілік естімеген естелігін бөлісті, деп хабарлайды janabastau.kz  ақпарат агенттігі.

“Астананы салған атқамінерлермен Елбасының мерейлі күнінде қолыма домбыра алып жырлағаным бар еді…” – дейді ол.

Ақынның айтуынша, бұл оқиға 2010 жылдың шілде айында, Елбасы резиденциясында өткен бір отырыста болған. Жиналғандардың арасында сол кездегі Мәдениет министрі Қанат Саудабаев пен Ақтөбе облысының әкімі Аслан Мусин де болыпты.

Тазабек ресми жиында домбырасын қолға алып, суырыпсалма арнауын төккенде күтпеген жағдай орын алған. Ол Қанат Саудабаевтың АҚШ-тағы елшілік қызметін, тіпті Кондолиза Райспен “My sister” деп қалай билеп танысқаны туралы да жырға қосқан.

“Қанекең қуанғаннан орнынан тұрып кетті. «Нұреке, сіз тапсырсаңыз болды ғой!» деп, түймелерін бырт-бырт үзіп, көйлегінің жағасын екі жаққа айырды”, – дейді Тазабек.

Ақынның айтуынша, бұл — шын қуаныштан туған, артық актерлік пен ақжарма көңілдің көрінісі болған. Елбасы да бір сәт ойланып, не толқығаны, не таң қалғаны белгісіз, Саудабаевқа көз алмай қарап қалған.

Сол отырыста Аслан Мусинге де арнау айтылыпты. Онда Елбасының Ақтөбеге сапары кезінде аттан құлап кете жаздап, оны Мусиннің жерге түсірмей қағып алғаны туралы аңызға бергісіз жайт жырға қосылған.

“Осындай сөздерден кейін Аслан ағам да езіліп сала берді. Бұрын суретке түспейтін “көлеңкелі кардинал” ортамыздан орын алды”, – деп еске алады ақын.

Бұл жазба Мұхамеджан Тазабектің “Енді айтуға болады” атты кітабынан алынған үзінділермен бірге жарияланды. Ақын бұл оқиғаны Елбасының даналығы мен ел ішіндегі қарым-қатынастың ерекше бір сәті ретінде бағалап отыр.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *