Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертінде қазақ әншілерден кім өнер көрсететіні белгілі болды

Жаңалықтар
view 109
news

Коллаж: Qazaq Today

Әнші Sadraddin әлемдік поп-музыка жұлдызы Дженнифер Лопестің Алматыдағы концерті алдында өнер көрсетеді, – деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы іс-шараны ұйымдастырушы First Media Group хабарлады.

Концерт 10 тамыз күні өтеді. Алматының Орталық стадионында өтетін концертте Sadraddin pre-show форматында өнер көрсетеді. 

Ұйымдастырушылар көрерменге концертке ертерек келуді ескертті. Орталық стадион сағат 15:00-ден бастап ашылады.

Бұған дейін Дженнифер Лопестің Астанада өткен концертіне "Формат" тобының солисі Қайрат Баекенов қатысқан еді. Қайрат Баекенов мұндай ұсыныс концерттің Қазақстандағы ұйымдастырушыларынан емес, тікелей Дженнифер Лопестің командасынан түскенін айтты. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *