Қосшы қаласының өкілдері «Жеті қазына» ұлттық фестиваліне қатысуда

Жаңалықтар
view 317
news

Фотосурет: janabastau.kz

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Абай облысында республикалық деңгейде ұйымдастырылып жатқан «Жеті қазына» ұлттық мәдениет, спорт және туризм фестиваліне еліміздің түкпір-түкпірінен делегациялар жиналуда. Бұл айтулы шараға Ақмола облысының құрамында Қосшы қаласының да өкілдері де қатысып отыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Фестиваль аясында өтетін «Ер жігіт» байқауында Ақмола облысының намысын дарынды әнші, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, сегіз қырлы, бір сырлы өнер иесі Асқар Мұқият қорғайды. Өнер мен мәдениетке, спорт пен салт-дәстүрге деген ерекше көзқарасты талап ететін байқауда Асқардың шеберлігі мен азаматтық болмысы сынға түседі.

Ал «Сұлу әйел» байқауында Қосшы қаласының мақтанышына айналған тұлға – жеке кәсіпкер, Қосшы қаласы Аналар кеңесінің төрайымы, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің жастармен тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің директоры, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы Әйгерім Көкеева бақ сынайды. Ол ұлттық болмыс, парасат пен білім, сұлулық пен заманауи келбет үйлесімін паш етеді.

Фестиваль – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, өңірлер арасындағы мәдени байланыстарды арттыратын тағылымды алаң. Қосшы қаласының атынан қатысушыларымыздың ел намысын абыроймен қорғап, жеңіс биігінен көрінетініне сенім мол.

Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Ақмолаға – жеңіс пен жарқын сәттер тілейміз!

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *