«Егістікте еңбек етеміз – ел өміріне де қатысамыз»: Астраханка комбайншылары сайлауға келді

Жаңалықтар
view 27
news

Фото: ресми ақпарат дереккөзінен

Астраханка ауылында бір топ комбайншы үшін сайлау күні тек егістіктегі жұмыспен ғана басталған жоқ. Агробизнес және сервис колледжінің қызметкерлері Дмитрий Антонец, Мадияр Пелевин және Дмитрий Скляров №181 сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруге қатысты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Колледж базасында өздеріне тиесілі егістік алқабы бар. Егін жинау науқаны кезінде азаматтар комбайн тізгіндеп, дала жұмыстарын атқарады. Сондықтан акцияға қатысушылардың жұмыс күні алдын ала жоспарланған. Соған қарамастан, олар дауыс беруге уақыт бөліп, сайлау учаскесіне бірге келуді жөн көрді.

«Қазір біз үшін нағыз қызу науқан. Егістікте жұмыс көп. Дегенмен дауыс беру де маңызды болғандықтан, оған алдын ала уақыт бөлуді шештік. Бірге келіп, өз таңдауымызды жасадық та, қайтадан жұмысқа ораламыз», – деді Дмитрий Антонец.

Дауыс бергеннен кейін комбайншылар қайтадан егістік алқабына аттанды. Олардың жұмыс күні техника мен ауыл шаруашылығының күнделікті міндеттерімен жалғасты.

«Егістікте еңбек етеміз – ел өміріне де қатысамыз» акциясы еңбек пен азаматтық жауапкершіліктің қатар жүретінін көрсетті. Әсіресе ауыл шаруашылығы саласында әр күннің маңызы зор болатын егін орағы кезеңінде жұмыс кестесіне сай уақыт тауып, сайлауға қатысу – еңбек адамдарының ел өміріне белсенді араласуының жарқын үлгісі.

Даладағы маңдай термен атқарылған еңбек те, ел болашағына қатысты жасалған саналы таңдау да – қоғам дамуына қосылған ортақ үлес.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *