Әкелер футбол ойнады

Редакция таңдауы
view 83
news

Өткен демалыс күндері қаламызда Әкелер күні мерекесіне орай әр әулеттің отағалары мен балалары қатысқан футболдан жолдастық кездесу өтті. Қазақстанда биыл алғаш рет аталып отырған бұл мереке – асқар тау әкелерді ардақтайтын, отбасы құндылықтарын ұлықтайтын күн. Қосшы қаласының әкімдігі мейрам күндері футболдан жарыс ұйымдас- тырды. Іс-шараның мақсаты – дәстүрлі отбасылық құндылықтарды насихаттау, үлгілі ата-ана болу идеясын айту, сондай-ақ бала тәрбиесіндегі әкелер рөлінің маңыздылығын арттыру. Ойын өте қызықты өтті. Бұл күні тек жүлдегерлер ғана емес, жарысқа қатысушылардың бәрі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Спорт -денсаулық кепілі. Айтулы шараға байланысты отбасылар демалыстарын қызықты өткізумен бірге, денсаулықтарын да шыңдап қайтты. Ал балалар әкелерінің тағы бір жақсы өнегелеріне қанық болды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *