Көшелер көркейіп келеді
Редакция таңдауы
128
Жол жөндейтін мамандар Ақмола облысындағы республикалық маңызы бар Р-3 «Астана-Қабанбай батыр-Энтузиаст-Киевка-Теміртау» (16-35 шқ арасы) күре жолының нашар күйде болған 19 шақырымдық бөлігін жөндеді. Жұмыстар мерзімінен бұрын аяқталды.
Мамандар жаңа асфальт жабынын төсеп, жол жиегін тығыздап, жол таңба сызықтарын жаңартты. Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Құрылтай» тұрғын үй кешенінің қасында және Қосшы қаласына іргелес учаскеде 2 жаңа бағдаршамды орнатты. Жергілікті тұрғындардың өтінішіне сәйкес «Құрылтай» тұрғын үй кешенінің қасында жаңа аялдама павильоны ашылады.
Сонымен қатар Қабанбай батыр ауылының ішімен өтетін жол бөлігінде ескі көше шамдары заманауи энергияны үнемдейтін жарықдиодты шамдарға ауыстырылды. Олардың, әсіресе түнгі уақытта тиімділігі жоғары. Бұл жаяу жүргіншілер үшін де ыңғайлы.
Одан бөлек, Қосшы қаласында жалпы ұзындығы шамамен 62 км болатын 106 көшені қамтитын үш маңызды жоба жүзеге асырылуда.
Өткен жылы төменгі қабат төселді, қазір жоғарғы қабатты асфальттау жалғасуда. Байқоңыр, Берел, Бозоқ, Тәуелсіздік, Бөкейхан, Баян сұлу және басқа да көшелер жөнделеді.
Жұмыстарды «Автодор НС»АБК ЖШС-гі мердігерлік ұйымы жүргізеді.
Тілеубек БАТЫС
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)