«Екі қыз тұрғанда, қайда барамыз?»: Стамғазиева Қоразбаевқа қызықпағанын айтты

Жаңалықтар
view 565
news

Фотосурет: Caravan.kz коллажы

Ұзақ үзілістен соң сахнаға қайта оралған әнші Сандуғаш Стамғазиева «Астарлы ақиқат» бағдарламасында халық жадында жатталып қалған әндерді орындайтынын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Оқырманның бірі: «Сандуғаш, кереметсіз. Бірақ Қоразбаевтың қай жеріне қызықтыңыз? Небір тамаша жігіттер сізді бағалар еді ғой» деп жазған. Ал әнші оған: «Мен қызыққан жоқпын, ол маған қызықты», - деп жауап берді.

Еске сала кетсек, бұған дейін ол әнші-композитор Алтынбек Қоразбаевпен қарым-қатынасы жтуралы ашық айтқан еді.

Ол кісіден екі бала дүниеге келеді деген үш ұйықтасам, түсіме кірмеген. Маңдайыма жазылған екен. Бастапқыда ол кісі мойындамай, жария еткеніме ашуланып жүрді. Бірақ қазір бәрі реттелді. Екі қыз тұрғанда, қайда барамыз? Біз араласпаған күнде де қыздар әкелерін іздейді. Араласып тұрады. Әкелерімен ақылдасады. Мен көбіне «әкеңнен сұра, ол не айтса, сол болады» деймін, – деген-ді сонда Сандуғаш Стамғазиева.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *