ЕЛ БОЛАШАҒЫ – ЖАСТАР

Редакция таңдауы
view 373
news

Бүгінгі таңда елімізде жұмыссыздар мен жұмыс іздеушілер саны айтарлықтай азайып келе жатыр десек қателесе қоймаспыз. Еліміз көлемінде әр облыс, аудандарда жұмыспен қамту орталықтары арқылы өз мамандығымен бейіміне сай жұмыстарға орналасып, нәпақасын тауып жатқан жандар қаншама. Біз сөзімізге тиек еткелі отырған Қосшы қалалық жұмыспен қамту орталығының осы жыл бойы атқарған жұмыстарына тоқталсақ. Жалпы жұмыс іздеуші ретінде 229 адам болса, соның 187 адамы жұмыссыз ретінде осы жыл бойы тіркелген. Бұл Мемлекеттік қолдау шараларын көрсету үшін жұмыспен қамту орталығында тіркелген 187 адам бүгінгі таңда біртіндеп жұмыспен қамтылып жатқанынан хабардар болдық. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары аясында да жүзден аса адам қамтылған екен. Осы адамдардың ішінен кәсіптік оқытуға бағытталған 4 адам бүгінгі таңда оқу үстінде. Бұл оқу үш айға созылады. Ал, кәсіпкерлік негіздері бойынша 100 адам оқыса оның 57 адамы сертификатқа ие болған. Жұмыспен қамтудың тағы бір өткір бағдарламасы ол Күміс жас. Яғни зейнет жасындағы жандарға жұмыс бойынша қолұшын созу. Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде құратын жұмыс орны 50 жастан асқан, оның ішінде зейнеткерлік жастағы адамдар басымдыққа ие болады. 36 айдан кейін жұмыс беруші жұмыссызды зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. Бұл шара бойынша жұмыссыздарға қойылатын талаптар: 50 жастан асқан адамдар, оның ішінде зейнеткерлік жастағы адамдарға басымдық беріледі. Ұзақтығы: 36 айдан аспайды. Жалақысын жұмыс беруші белгілейді, оны ішінара жұмыспен қамту орталығы өтейді, бірақ 30 АЕК-тен аспайды (мемлекеттен: 1) алғашқы 12 айда – жалақының 70%; 2) 13 айдан 24 айға дейін – 65 %; 3) 25 айдан 36 айға дейін – 60 % төленіп отырады. Міне осы шара бойынша Қосшы қаласында жыл бойы 7 адам тіркеліп, барлығыда өз саласы бойынша қызметтер атқаруда. Елімізде қоғамдық жұмыстарда маңызды орында. Жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарымен жасалған келісім-шарт бойынша ұйымдастырылатын қоғамдық пайдалы еңбек. Мысалы, абаттандырушы, шабарман, құжат жүргізуші, т.б. бұл жұмыстың ұзақтығы 12 айдан аспайды. Жалақысын жұмыспен қамту орталығы толығымен қамтиды, 20 АЕК-тен төмен емес. Дәл осы қоғамдық жұмыс бойынша да жыл басынан бері 38 адам жұмыспен қамтылған. Жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдерді алушылар өткен жылды қосқанда 71 адамға, осы жыл бойынша 56 адамға төленіп отырғаны жайлы бізге Қосшы қаласы жұмыспен қамту орталығының маманы Хасипова Айгерим Болатқызы мәлім етті. Қоғамның қозғаушы күші жастар екені айтпасада түсінікті. Міне дәл осы қозғаушы күш Мемлекет болашағы жастар үшін арнайы Жастар практикасы бары белгілі. Жастар практикасы кәсіп (мамандық) бойынша бастапқы тәжірибе алу мақсатында жастарға арналған жұмыс. Жұмыспен қамту орталықтарымен шарттар негізінде ұйымдастырылады. Жұмыссыздарға қойылатын талаптар: оқуды 3 жыл бұрын бітірген және алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектері. Жұмыс ұзақтығы 12 айдан аспайды. Жалақысы кемінде 30 АЕК-ті жұмыспен қамту орталығы төлейді. Жастар практикасы бойынша жыл басынан бері 3 адам жұмыспен қамтылған. Қазіргі уақытта осы үш адамда өз жұмыстарын белсенді атқаруда. Біз сол адамдармен байланысып, мән жайды білген едік. Жас маман Ділназ Ертаеваның айтуынша Жастар практикасы нағыз жастарға арналған бағдарлама. Ертаева Ділназ Қонақбайқызы Ақтөбе қалысының тумасы. Жас маман Қазақ ұлттық Өнер университетінің 2018-2022 жылғы түлегі. Сайлау Қамиевтің шеберханасында «Музыкалық театр әртісі» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Қазіргі таңда жастар практикасы бойынша Қосшы қаласы Мәдениет үйінде «Ораторлық өнер және көркем сөз» атты үйірме бойынша балалар тәрбиелеп жатыр. Ділназдың жұмыс бастағанына екі ай уақыт болса да, практиканың жақсы өтіп жатқаны аңғарылады. Ұжыммен етене араласып қана қоймай бірнеше іс-шараға өз үлесін қосыпта үлгерген. Ділназ Ертаева Қосшы қаласының әкімдігіне жастарды қолдап жатқаны үшін үлкен алғысын білдіргісі келеді. Бұл біз сияқты жас мамандарға таптырмас мүмкіндік. Еліміздің қаламыздың өркендеуіне әрқашан дайынбыз. Қосшы қаласына келіп жатқан жас маман ретінде өзімнің ары қарай қалыптасуымды осы қаламен байланыстырғым келеді, өнерімді ұштағым келеді дейді жас маман Ділназ Қонақбайқызы. Жастар практикасының пайдасын көріп жатқан Тусупбекова Айсулу Елеусізқызы экономика мамандығы бойынша білім алған. Бүгінгі таңда жастар практикасы бойынша Қосшы қаласы Қазынашылық мекемесі басшысының хатшысы қызметін атқаруда. Айсулудың айтуы бойынша Жастар практикасы өте тиімді, әрі берер әсері мол. Бұл жерде жас мамандарға практикалық тұрғыда тәжірибе жинауға үлкен мүмкіндіктер бар. Ары қарай өсуге де жұмыс жасауға да мүмкіндіктер көп екенін тілге тиек етті. Жастар қай заманда, қай ғасырда болса да, қоғамдық өмірдің ең белсенді мүшелері саналған. Әрбір елдің даму көкжиегін, мәдени-рухани келбетін, арман-аңсарын, талпынған мақсат-мұратын белгілі бір дәрежеде сол елдің жастарына қарап та бағамдауға, бағалауға болады. «Балам дейтін елің болмаса, елім дейтін балаң қайдан болсын» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, мемлекет жастарға тиісті дәрежеде көңіл бөлуі осы жастар практикасынан басталса керек. Жас келсе іске екені қашанда жадымызда болса екен.

Нарқұлан РАЙХАН

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *