Ел кинотеатрларында Конституцияны қолдауға бағытталған бейнероликтер көрсетілуде
Фотосурет ашық дереккөзден
Еліміздің барлық өңірлеріндегі кинотеатрларда Қазақстан Республикасының Конституциясын қолдауға арналған арнайы бейнероликтерді көрсетілуде, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Бейнероликтер киносеанстардың басында көрсетіліп, көрермендердің кең аудиториясына, жастардан бастап, аға буын өкілдеріне дейін бағытталған.
Бейнероликтердің көрсетілімі азаматтарға Ата заңның басты қағидаттары мен құндылықтарын түсіндіруге бағытталған ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында жүзеге асырылуда.
Бейнероликтер көрнекі бейнелер арқылы конституциялық нормаларға саналы көзқарастың маңыздылығын және олардың әрбір азаматтың күнделікті өміріндегі рөлін айқындайды.
Бұл бастама халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және Конституцияға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Кинотеатрлардағы бейнероликтердің көрсетілімі құқықтық күн тәртібін қалыптасқан мәдени ортаға енгізуге мүмкіндік береді. Кинотеатр инфрақұрылымын құқықтық ақпараттандыру алаңы ретінде пайдалану халықты кеңінен қамту мен белсенді қатысу деңгейін қамтамасыз етеді.
Пікірлер (0)