Елдің жартысы суға батып жатқанда, футболға халықтың миллиардтарын шашуды тоқтату керек! - Қазыбек Иса (видео)

Жаңалықтар
view 231
news

Интернеттен

Жуырда ҚР Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың есебі тыңдалды. Баяндама жасаған министр депутаттардың сұрақтарына жауап берді. ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Қазыбек Исаның сөзінше, қазақ қаржысының бәрі шетел футболшыларын, легионерлерді байытып жатыр.

"Осыдан үш жыл бұрын Қазақстан Франциядан 8:0 болып ұтылса, биыл Грекиядан 5:0 болып ұтылды. Үш жылда, үш гол азайтып ұтылған “жетістікке” жетіппіз. Бұлай кете берсе,  8 гол салғызып ұтылмау үшін енді бес жыл ғана қалыпты…

Еліміздегі кәсіби футбол клубтарына тек облыстық бюджеттен ғана 111,2 млрд бөлініпті! Не деген ақша бұл?!. Ал  әлемдік спортты, футбол ақпараттарын жинайтын сайт мәліметі бойынша 133 млрд доллар бөлінеді екен…

Қазақ қаржысының бәрі шетел футболшыларын, легионерлерді байытып жатыр. Премьер-лигадағы 371 футболшының 150-і легионер. Тіпті бірінші лигада да 16 легионер бар.  Сонда Премьер-лиганың жартысына жуығы легионерлер! 

Футболға олимпиада мен әлем чемпионатынан алтын-күміс  әкелетін бокс, күрес, ауыр атлетика үшеуін қосқандағыдан 3 есе көп қаржы бөлінеді. Ол үш есе көп қаржының 80 пайызы жеке футболшыларға төленетін ақша. Ал ол жеке футболшылардың көбісі - легионерлер.

Біздің елдің спорт министрлігі  мемлекеттен қаржы төленетін 180 түрін қайдан тауып алған? Бізде 20 млн халық бар. Ал Ұлыбританияда 80 млн халық бар. Ұлыбританияда да, Францияда да, Германияда да 17 спорт түрі ғана бар. Сонда біздің ел басқа еш елде жоқ, олардан 10 есе артық 167 спорт түрін қайдан тауып алған және қалай ойлап тапқан?!. Бұл барып тұрған мемлекетті сауын сиырға айналдыру!

Ұлттық спорт федерацияларына әлі қаржы түскен жоқ.  Ал Көшпенділер ойыны таяп қалды…", - деп атап өтті депутат. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *