Электрмен жабдықтау мәселесі ретке келтірілуде
Экономика
199
Энергетикалық қамтамасыз ету, әрі оны қауіпсіз ету – маңызды. Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстанды 2050 жылға дейін көміртегін аз пайдаланып, дамыту тұжырымдамасы дайындалып жатыр. Қазір Үкімет Электр энергетикасын дамыту жөніндегі ұлттық жобаны пысықтап, еліміздің 2035 жылға дейінгі энергиялық теңгерімін дайындалуда. Біздің білетінімз бойынша, елдегі негізгі энергия қуатын беретін нысандар 40 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Сарапшылардың мәліметінше, олардың 50 пайыздан астамы тозған. Бұл көрсеткіш көбіне электр станцияларындағы технологиялық заң бұзушылықтың артуына әкеледі.
Электрмен жабдықтау мәселелері Қосшы қаласының электрмен жабдықтаудың негізгі көздері – Целиноград желілері. Желілердің ұзындығы – 395 км, желілердің тозуы 45 %. Қосалқы станцияның жалпы саны – 387. 2022 жылы «Лесная Поляна» ТК сыртқы электрмен жабдықтау желілерінің ақауларын жою бойынша жұмыстар жүргізілген болатын. Кеткен қаражат – 21,0 млн.теңге. Кварталішілік электрмен жабдықтау желілері мен толық трансформаторлық қосалқы станцияларды ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл шаралар апаттар санын 5 есеге қысқартуға мүмкіндік берген болатын.
2022-2023 жыл аралығында жылыту маусымында электрмен жабдықтау желілерінде 3 апат болды. Ал, 2021-2022 жыл аралығында ұқсас кезеңде 17 апат болды. 18 көшеде көше жарығы қайта орнатылды және қосылды, 1000-нан астам жарық нүктелері орнатылды. 24 көшеде 500 жарық нүктесі ауыстырылды. Нұра-Есіл көшесін жарықтандыру қосылды. Осы учаске бойынша 10 кВ желілердің өтуіне байланысты істен шыққан шамдарды ауыстыру кейінгі кезеңге ауыстырылды. Қосшы қаласын электрмен жабдықтаумен толық қамту мақсатында «Қосшы қаласын электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы 4-кезек» жобасы әзірленуде. Сараптама қорытындысын 2023 жылдың 3-тоқсанында алу жоспарлануда. Жобамен 90 км электрмен жабдықтау желілерін салу және 1500-ге жуық жеке сектор абоненттерін қамту жоспарлануда. Осылайша, қаланың электрмен жабдықтау мәселесі жөнделіп, ретке келтірілді.
«Қазақстанда энергетика саласы бойынша маман даярлайтын 24 жоғары оқу орны болғанына қарамастан, электр монтерлері, жоғары вольтті желілерді жөндеушілер мен басқа да жұмысшы мамандар тапшы. Инженерлік-техникалық қызметкерлердің орташа жасы – шамамен 50 жаста. Оның үстіне бұл саладағы қызметкерлердің еңбекақысы да төмен. Соның салдарынан 2015-2020 жылдар аралығында кадрлардың тұрақтамауы 4 пайыздан 15 пайызға дейін жетті. Бұл мәселені жедел түрде шешу керек. Әйтпесе, бірнеше жылдан кейін кадр тапшылығы мәселесі ушыға түседі. Үкіметке осы саладағы кәсіби мамандардың әлеуетін және бәсекеге қабілетті еңбекақы төлеу деңгейін қалыптастыру үшін шаралар қабылдауды тапсырамын», – деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев.
Біздің ел экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдерге қарағанда энергияны 3 есе көп пайдаланады. Демек, біздегі ішкі жалпы өнім құрылымындағы қызмет көрсету секторларының үлесі көп. Еліміздің энергетикалық секторының осалдығы өткен жылы айқын көрінді. Сегіз ай бойы рекордтық электр тапшылығы байқалды. Қазір бұл көрсеткіш тәулігіне 1 ГВт-тан (гигаватт) асады. Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша, 2029 жылға қарай энергияны тұтыну 20 пайызға артады, ал өндіріс тек 17 пайызды құрайды. Ел бойынша барлығы 207 электр станция бар, бірақ олар жылдам салынып, дамып жатқан қалалар үшін жеткіліксіз. Бұл жағдайда энергетикалық инфрақұрылымды жаңартпай тұрғын үйлер мен кәсіпорындарды салудың ұтымдылығы мәселесі туындайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2019 жылы – 4010, 2020 жылы – 4458 заң бұзушылық тіркеліп, оның өсім деңгейі 11 пайызға артқан. Энергия көздеріне ауқымды техникалық аудит жүргізу қажеттігі туындап отыр. Біз энергия қуатын беретін станциялардың қай жерде және қашан іске қосылатынын немесе істен шығатынын, сондай-ақ, олардың жөнделетін, жаңғыртылатын уақытын анық білуіміз керек, – деген болатын.
Электр энергиясының тапшылығы мәселесін шешу үшін мемлекет кешенді тәсілді қолдануды жоспарлап отыр. Елімізде жалпы тозуы 66 пайызды құрайтын 19 ЖЭО қайта жаңартылуда. 1 шілдеден бастап басқа елдерде табысты жұмыс істеп келе жатқан бірыңғай сатып алушыны енгізу тарифтердің қалыптасуы мәселесін шешетіні атап өтілді. Сондай-ақ электр энергиясына тең қол жеткізуді ашады және электр энергиясы мен қуаттың теңгерімдеуші нарығының ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді.
Пікірлер (0)