Қосшыдағы проекциялық жолақтар
Экономика
200
Қосшы қаласында проекциялық жарық іске қосылып жатыр. «СМЭУ-Астана» ЖШС мердігерлік ұйымы жаяу жүргіншілерге арналған, түнде жанып тұратын проекциялық жолақтарды іске қосып жатыр. Жолақтар әлеуметтік маңызды 5 нысан бойынша қойылады.
Қазіргі уақытта проекциялық жарық 4 нысан бойына қойылды.
«Республика-Желтоқсан көшесінің қиылысы, Республика көшесінен «Лесная поляна» шағын ауданына бұрылыс, Республика көшесінен #1 қалалық емханаға өтер тұсы және Абай көшесі мен Ғ.Әбсағитов көшесінің қиылысы. Сондай-ақ Республика көшесінен «Алтын орда» тұрғын үй кешенінің қиылысына бесінші проекциялық жолақты орнату бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде», – дейді Қосшы қаласының әкімдігі.
Проекциялық жарық беру қараңғы түскенде тұрғындардың қауіпсіздігіне ықпал жасап, жарық шашады. Жол ережесін сақтауға көмектесіп, оқыс оқиғалардың алдын алады. Елімізде проекциялық жолақтар Шымкент, Қарағанды сияқты ірі қалалар мен біршама облыстарда бар. Енді, міне Қосшы қаласына қосылды.
Проекциялық жол белгілері қар мен жаңбыр, көктайғақ кезінде, 4 мезгілде де жарық шашып, анық көрініп тұрады. Жаяу жүргінші де, көлік жүргізушісі де проекциялық жолақтарды 150 метр қашықтықтан бақылап, көре алады. Жолақтсың ақ-сары түсі қанық өң беріп, кез келген жағдайда жол көрсетіп тұрады. Бұл жол белгілерінің суреті мен графигі, техникалық сипаттамалары «Жол белгілері мен сигналдары туралы» Еуропа елдері келісімі талаптарына сай жасалған. Ол талап 1968 жылы Вена конвенциясы қабылданған.
Проекциялық жолақтар технологиясының нендей пайдасы бар:
1. Жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілерінің қауіпсіздігін арттырады.
2. Проекциялық жолақтар көп шығынды талап етпейді, сәтті таңдалған жолақтарды ауыстыру оңай, әрі, қарапайым.
3. Кез келген ауа райында көрінеді
4. Қызмет мерзімі 5 жыл
5. Төтенше жағдайды тіркейді және автоматты түрде арнайы қызметтерді шақырады.
Пікірлер (0)