Су басқан Қоянды ауылының тұрғындары наразылыққа шықты

Жаңалықтар
view 380
news

Фотосурет: Видеокадрдан

Астананың іргесіндегі Қоянды ауылының үйлерін су алған халық наразылыққа шығып, көшені жапты, деп хабарлайды janabastau.kz.

26 наурыз күні кешке қарай күрт басталған тасқын су қаупіне байланысты халық жергілікті биліктен төтенше жағдай жариялауды талап етті.

Бұл да Қояндының халқы ғой», «Қояндыға жақсы жағдай жасасын», «Қайтпаңдар»,  «Кетпеңдер, тұрындар», «Қыста қарға, жазда суға батамыз», - деді наразылыққа шыққан тұрғындар.

Жолды жапқандарға полиция мен әскер жасақ өкілдері келген.

Қоянды ауылын жылда су басады, жылда қайталанатын мәселе болып тұр. Салдарынан қардан еріген су үйлерге кіре бастаған. "Ал билік жылда уәдені үйіп-төгіп беріп кетеді, нәтиже жоқ", дейді жергілікті тұрғындар.

Целиноград ауданы әкімдігі осы оқиғаға қатысты түсінік берді.

«26 наурыз күні сағат 20.40-та Қоянды ауылының 50-ге жуық тұрғыны ауыл әкімдігінің жанындағы жолды жауып тастады. Жергілікті тұрғындар су тасқынына қарсы іс-шаралар мәселелеріне назар аудару мақсатында жиналды. Түсіндіру үшін жиналғандармен аудан әкімі Б.А. Оспанбеков және облыстық ТЖД бастығы К.К. Доспаев кездесті. Сағат 22.00-де барлық жолдар ашық болды. Тұрғындар тарап жатыр. Қазіргі уақытта Қоянды ауылында су тасқынына қарсы күшейтілген іс-шаралар жүргізілуде. Шамамен 150 мың текше метр қар шығарылды. Сондай-ақ Қоянды ауылында 9,5 мың метр арықтар мен каналдар, сондай-ақ 46 дана су өткізу құбырлары тазартылды. 35 мың м3 астам еріген су сорылды. Жолдарды жабу сияқты заңсыз әрекеттерге жол берілмейді. Заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанына назар аударыңыздар», - делінген әкімдік хабарламасында.

Нәтижесінде 27 наурыз сағат 3:20-дағы жағдай бойынша 48 мың текше метр еріген су тартылды.

Қояндыдағы еріген қар суын апатсыз өткізуді қамтамасыз ету үшін жеке құрамнан 16 адам, 2 техника және 4 бірлік мотопомпа жіберілген.

Тегтер:
#Қоянды ауылы

Пікірлер (1)

  • Арман

    Ал билік жылда уәдені үйіп-төгіп беріп кетеді. нәтиже жоқ, дейді жергілікті тұрғындар. Рас!

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *