Полицияға өз еркімен барған "Реноның" бұрынғы иесі тұтқындалды

Жаңалықтар
view 189
news

zp-news.ru

Мәскеудің Басман соты Крокус Сити холдағы теректіге қатысы бар деген күдікпен тағы үш адамды қамауға алуды қарастырады. Олардың бірі - шабуыл жасады деп айыпталушылар Мәскеуден қашып кеткен көліктің бұрынғы иесі. Бұл туралы janabastau.kz хабарлайды.

ТАСС ақпарат агенттігінің мәліметінше, күдіктілердің есімдері - Аминчон, Диловар және Исроил Исломовтар. Болжам бойынша, бұл екі ағайынды жігіт пен олардың әкесі. Диловар Исломов лаңкестер қолданған ақ «Реноның» соңғы иесі болған.

Шабуылдан кейін көп ұзамай «Новая газета-Еуропа» «Реноның» бұрынғы иесімен байланысып, оның аты жөнін И**** Д**** И**** деген инициалдарымен ғана көрсеткен болатын. Ал бұл инициалдар Тверь облысында тұратын, туған жыл, ай, күні сәйкесетін бір ғана адамға тиесілі болған. 

Диловар Исломов «Крокус Сити Холлдағы» оқиғалардан бір апта бұрын көлікті әйелінің бауырына сатқанын және лаңкестік шабуыл болған жерден көлікті көргенде қатты таң қалғанын айтқан болатын. 

Кейінірек оның туыстары журналистерге Исламовтың өзі ағасымен бірге куәлік беру үшін полиция бөліміне барғанын айтты. Осыдан кейін онымен байланыс үзілген.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *