Еңбек құқығы – маңызды мәселе

Экономика
view 1931
news

Қазақстан Республикасының аумағында көптеген шетелдіктер тұратыны мәлім.Жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында 15 527 шетел азаматы еңбек етіп жүр. Осыған байланысты жұмыс берушілерде де, қызметкерлерде де көптеген мәселелер туындап жатады. Заңды түсініп, түсіндіріп көрейік. Шетелдіктердің еңбек қатынастары саласында қандай құқықтары бар және бұл құқықтардың Қазақстан азаматтарынан айырмашылығы неде?

«Халықтың көші - қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабының 1-тармағына сәйкес шетелдік қызметкер – экономиканың басым салаларында талап етілетін кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген немесежұмыс берушілер Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартатын көшіп келуші.

Шетелдіктердің еңбек қатынастары саласында қандай құқықтары бар? Қазақстан Республикасы«Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы»Заңының 3-бабына сәйкес шетелдіктердің барлық құқықтары сақталынады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және халықаралық шарттарында белгіленген барлық міндеттерді атқарады. «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Заңның 6-бабында шетелдіктердің еңбек құқығы көрсетілген. Шетелдіктер Қазақстан Республикасында еңбек қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында және халықаралық шарттарында белгіленген тәртіппен жүзеге асыра алады. Аталған бапта шетелдік қызметкерлердің демалу құқығы да қарастырылған. Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің Қазақстан Республикасының азаматтарымен ортақ негізде демалуға құқығы бар.

Еңбек шартын жасасуға жол берілмейтін шетелдіктердің санаттары бар.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 26 - бабы 1-тармағының 4), 5), 6) тармақшаларына сәйкес еңбек шартын жасасуға жол берілмейді:Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға.

Мерзімі шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат негізінде жұмыс істейтін шетелдікпен жасалған еңбек шарты туралы не білеміз? «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабының 1-тармағына сәйкес шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асыра алады. Еңбек шартының қолданылу мерзіміне ұзарту құқығы 3 ай, бірақ 3 жылдан аспауы керек.

Жұмысқа қабылдау үшін қажетті қосымша құжаттар бар. Жұмысқа қабылдау кезінде талап етілетін құжаттардың әдеттегі тізімінен басқа, шетелдік жұмысшылар үшін заңмен қосымша талаптар белгіленген. Еңбек кодексінің 32-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес елде тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар еңбек шартын жасасу үшін жұмыс берушіге тұруға ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігін не босқын куәлігін ұсынуы қажет. Еңбек кодексінің 32-бабының 5-тармағына сәйкес мемлекеттік органның шетелдік қызметкерлерін тарту кезінде еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттардың тізбесі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен шетелдік қызметкерлерді тарту тәртібіне сәйкес айқындалады. Қазақстан аумағында уақытша болатын шетелдіктер жұмыс берушіге Еңбек кодексінің 26 - бабының 4) - 6) тармақшаларына сәйкес төменде көрсетілген құжаттардың бірін ұсынуы тиіс: жергілікті атқарушы органның жұмысқа орналасуға рұқсаты;отбасын біріктіру мақсатында келуге және болуға рұқсат; Қазақстан Республикасының азаматымен некеде тұрғанын растайтын құжат; Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдік студенттер мен тағылымдамадан өтушілердің анықтамасы.

Ел  Риза

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *