Енді әйелін ұрғандар сотталады
Фотосурет: Ашық дерекккөзден
Сенатта әйелдер құқықтары мен бала қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қос заң мақұлданды, деп хабарлайды janabastau.kz.
Мақұлданған заңдар әйелдер мен балалардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету және елімізде отбасы институтын нығайту үшін қосымша құқықтық тетіктер енгізіп отыр. Осыған орай, мемлекеттік отбасы саясатын қалыптастыруға жауапты уәкілетті органның мәртебесі, отбасын қолдау орталықтары және 111 байланыс орталығы сияқты ұйымдардың құзыреттері заң деңгейінде белгіленеді, - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Заңдар аясында өмірде қиын жағдайға ұшыраған отбасыларды қолдауға арналған ережелер де көзделген. Сонымен қатар, әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама қайта қаралып, күшейтілді.
Енді денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені, ұрып-соққаны және суицидті насихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленеді. Өз кезегінде сот қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілей алатын болады. Бұған қоса, буллинг, кибербулинг, балаларды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіріп кету әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылады, - деді Сенат төрағасы.
"Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін реттейтін" Заңмен Қылмыстық кодекске мынадай өзгерістер енгізіледі:
- Адамдардың кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстар кезінде кодекстің ерекше бөлігінде көзделгеннен неғұрлым жеңіл жаза тағайындауға тыйым салу;
- Тараптардың кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстар бойынша, сондай-ақ Кодекстің 108-1 ("Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру") және 109-1 ("Ұрып-соғу") - баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар татуласқаннан кейін бір жылдан кейін қайталап жасалған жағдайларда татуласуына жол берілмейді;
- Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге, денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге бағытталған іс-әрекеттер үшін бас бостандығын шектеу түріндегі баламалы жаза алынып тасталады және бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгіленеді;
- Кәмелетке толмаған адамды өлтіргені үшін (ҚК-нің 99-бабы), кәмелетке толмағанға қатысты зорлау жасағаны үшін (ҚК-нің 120-бабы) және кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін (ҚК-нің 121-бабы) ҚК-нің қолданыстағы нормаларында көзделген басқа балама жазалау шараларын алып тастау арқылы өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгіленеді;
- 16 жасқа толмаған адамдарға жыныстық сипаттағы тиісу үшін жауапкершілік енгізіледі;
- Өзін-өзі өлтіруге итермелеу немесе көмектесу үшін жаза белгілейді;
- Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның мінез-құлқына сот қолданатын ерекше талаптарды белгілейтін жаңа бап енгізілді;
- Сенат депутаттары заңды бірінші және екінші оқылымда мақұлдауға дауыс берді. Құжат Президеттің қол қоюына жіберіледі. Ол қол қойылғаннан кейін күшіне енеді.
Пікірлер (0)