Қайрат Сатыбалды мемлекетке тағы 50 миллиард теңге қайтарады
Фотосурет: Ашық дереккөзден
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Назарбаевтың немере-жиені Қайрат Сатыбалды мемлекетке тағы 50 млрд теңге қайтаратынын мәлімдеді, – деп хабарлайды janabastau.kz.
Осы жылдың 11 сәуірінде Қ. Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істі қарау шеңберінде сот (ҚР ҚК 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы) прокурордың өтініші бойынша заңсыз сатып алынған активтерді қайтару жөніндегі рәсімдерді орындау қажеттілігіне байланысты процестік келісім жасасу үшін қосымша мерзім беру туралы шешім қабылдады.
Атап айтқанда, сотталушының жалпы сомасы 50 млрд теңгеден асатын қосымша мүліктік активтерін мемлекет пайдасына қайтару туралы мәселе қаралуда.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотталушының және онымен байланысты тұлғалардың жалпы сомасы 732 млрд теңгеден астам мүліктік активтері мен ақшалай қаражатын мемлекет пайдасына қайтаруды қамтамасыз етті», – деп хабарлады Антикор.
Пікірлер (0)