Гидротехникалық құрылыстардың 60%-дан астамы тозған - сенатор

Жаңалықтар
view 720
news

Фотосурет: Ашық дереккөзден

Сенат депутаты Серік Шайдаров палата отырысында Гидротехникалық құрылыстардың 60%-дан астамы тозғанын айтты, деп хабарлайды  janabastau.kz.

Сенатор Министрліктер мен әкімдіктердің су қоймаларын салу, еріген қар суын жинау және өзен арналарын тазарту жөніндегі он жыл бұрынғы орасан зор жоспарлары қағаз жүзінде қалғанын айтты. Сондай-ақ елімізде жылда су тасқыны болып жатыр, ал билік олардың алдын ала алмайды және тек салдарымен күреседі. Тасқын суға қарсы шаралар тиісті деңгейде жүргізілмейтіні айдан анық,-деді.

Сенатор Премьер-Министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында гидротехникалық құрылыстарға қатысты мәселеге тоқталды. Олардың көпшілігіне 50 жылдан астам уақыт бойы күрделі жөндеу жасалмаған және қайта жаңғыртылмаған. Олардың 60%-дан астамы тозып біткен.

«Жыл сайын көзбен көріп, тексерудің қорытындысы бойынша 537 гидротехникалық құрылысты жөндеу қажет екені анықталды, оның ішінде 427 гидротехникалық құрылыс коммуналдық меншікте болып отыр. 2024 жылы коммуналдық меншіктегі бөгеттерге көп факторлы тексеру жүргізуге және қауіпсіздік декларациясын ресімдеуге өңірлер бюджеттерінде 20 өңірдің тек 5-еуінде ғана қаржы көзделген. 2025-2026 жылдарға ешқандай облыста қаржы көзделмеген. Жағдай неге бұлай? Ең алдымен, қолданыстағы заңнаманың жетілмегендігі себеп болып отыр»,-деп есептейді сенатор.

Сенатордың айтуынша, мұндай құрылыстарды пайдалану, күтіп ұстау және жөндеу үшін қаржы керек. 2010-2012 жылдары иесіз бөгеттерді анықтау қорытындысы бойынша олардың барлығы сот шешімі бойынша аудандық коммуналдық меншікке өтті. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оларды басқару үшін аудандар облыстық коммуналдық меншікке беруі керек еді, ал олар өз кезегінде қаржы жұмсамау үшін қарамағына қабылдамады.

«Гидротехникалық құрылыстардың шамамен 75%-ы аудандық коммуналдық меншікте. Мәселені қысқа мерзімде зерделеп, заңнамаға өзгерістер енгізу, аудандар мен қалаларға өкілеттік беру керек.  Облыстағы жергілікті атқарушы органдарында да гидротехникалық құрылыстарды күтіп ұстау және пайдалану жөніндегі мемлекеттік кәсіпорындар құру құқығы функциясы бар, гидротехникалық құрылыстарды облыстық және аудандық коммуналдық меншікке жатқызу шарттарын айқындау қажет деп санаймыз»,-деді сенатор.

Сенатор әрбір елді мекеннің бас жоспарында аумақтарды табиғи құбылыстардың қауіпті әсерінен қорғау жөніндегі шараларды тіркеуді және дайындауды, сондай-ақ осы шаралардың болуын және оларды іске асыруды, сондай-ақ елді мекендерді инженерлік қорғау жөніндегі инвестициялық жобалардың қанша және қай жерде іске асырылғанын тексеруді ұсынды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *