«Енді ешкімді аямаймын»: Танымал актриса екінші күйеуінен ажырасып кеткенін айтты (ФОТО, ВИДЕО)
Фото: жеке парақшасынан
Танымал актриса Сая Оразғалиева күйеуімен ажырасып кеткен. Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.

«Сезім енді тұзаққа түсуге себеп емес. Ақырында, әркім өз бетімен кетті…», - деп жазба қалдырды ол.
Актрисаның бұл жаңалығы жазылушылар аралығында қызу талқыға түсті. Сонымен қатар Сая «құрбыларыңды тыңдап, осындай шешім шығардың» деген оқырманына жеке жауап берген.
скрин: ozgeris.info

«Бізбен бірге тұрғандай жазыпсыз. Ол жақсы, мен жаманмын ба? Кімнің кім екенін қайдан білуге болады? Достарымды тыңдасам, ажыраспас едім. Ал менің қалай және кіммен жақсы болатынымды сіз неге шешесіз? Сіз Құдайсыз ба? Ойланып сөйлеңіз, мен енді ешкімді аямаймын. Біз шешім қабылдадық және ресми түрде ажырасып кеттік», — деді актриса.
Айта кетейік, Сая Оразғалиева бұрынғы күйеуімен 4 жыл некеде болған. Екеуінің ортақ екі баласы бар.
Пікірлер (0)