Ер адам әйелін күштеп психдиспансерге жатқызып тастаған
Жаңалықтар
152
Сурет: Ашық дереккөзден
Түркістан облысында отбасындағы жанжалдан кейін ер адам екі досымен бірге әйелін байлап, Шымкенттегі психикалық денсаулық орталығына апарып тастаған. Бұл туралы ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мәлім етті, деп хабарлайды janabastau.kz.
«Арызданушының сөзіне қарағанда, күйеуі осы орталықтың қызметкерлерімен алдын ала келісіп, оны ақыл-есі кем деп психикалық денсаулық орталығына орналастырған. Әйел емханада 3 күн болған. Сондай-ақ шағымданушы осы мекемеде болған кезде орталық қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы жеткізді», - делінген ақпаратта.
Пікірлер (0)