«Ер азаматтардың қадірі қалған жоқ»: Гүлзира Айдарбекова күтпеген мәлімдеме жасады

Жаңалықтар
view 140
news

Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Продюсер Гүлзира Айдарбекова отбасылық өмірге қатысты пікір білдіріп, бүгінде ер азаматтардың қадірі кеткенін айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі заманда ажырасуды насихаттайтын әйелдер көбейіп кеткен. 

"Күйеуімнен қиындық көрдім ұрды-соқты, шыдап келдім түк тапқан жоқ содан ажырасып кеттім. Ажырасқан кезде қиналдым. Сосын жұмыс істедім. Қазір көтерілдім, менде вилла бар, джип бар" деп жұрттың бәріне сабағын сатады. Содан кейін жастардың миы айналады. Олар қайбір ақыл айтатын адамдар дейсің. Ене мен келіннің арасына от салады. Бізге аналарымыз әйелдің бір табан кішірейіп тұру керектігін үйреткен. Ата-ене мен азаматты сыйла деген. Қазір азаматтың ешқандай қадірі қалған жоқ. Бәрін әйел басқаратын, әйелдің айтқанымен жүретін уақыт болып кетті. Әр нәрсенің өз орны болуы керек. Сен қыз кезіңді еркелік жасадың. Енді ана болған кезде бір үйдің түтінін түтетемін деп келесің ғой. Неге сен қартайған ата-ананы тастап кетуің керек? Өз өміріңді сүретін де уақыт болады", - деді Гүлзира Айдарбекова. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *