Еркебұлан Тоқтар Тимур Никулинді 1 минутта жеңді (видео)

Спорт
view 90
news

Фотосурет ашық дереккөзден

26 желтоқсан Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар мен бокс ережесі бойынша Өзбекстанның басты жұлдыздарының бірі Тимур Никулинді 1-раундта нокаутпен жеңді.

Ташкенттегі Humo Arenaда бокс кешінде қазақстандық әуесқой спортшы қарсыласын 1 минут 20 секунд ішінде жеңді.

Жекпе-жектен кейін қазақстандық спортшы өзбек және қазақ халқын бірлікке, әрдайым бауыр болуға шақырды. және Gold лақапатымен танымал өзбекстандық спортшы Шахзод Узаковты келесі жекпе-жекке шақырды.

Еркебұлан Тоқтардың бүгінгі қарсыласы – «Архангел» лақап атымен танымал Тимур Никулин. Кәсіби бокста да, жалаң жұдырық жекпе-жектерінде де өзін дәлелдеген спортшы еді.

2025 жыл Еркебұлан үшін табысты өтті. OCTAGON лигасында екі жекпе-жекті де нокаутпен аяқтады. Ақпанда тәжікстандық Камариддин Хасановты (Камил Карате) төртінші раундта тоқтатып, BMF белбеуін жеңіп алды. Тамызда ирандық Фарзад Гадериді екінші раундта мерзімінен бұрын жеңді. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *