17 жастағы қазақстандық шахматшы халықаралық гроссмейстер атанды

Спорт
view 36
news

фотосурет: kazface.kz

Шығыс Қазақстан облысының тумасы, 17 жастағы шахматшы Алдияр Ансат халықаралық гроссмейстер атағына ие болды. Ол бұл мәртебеге Ақтөбеде өткен Aktobe Open халықаралық турнирінде FIDE рейтингін 2500 ұпайдан асырып, барлық қажетті нормативтерді орындау арқылы қол жеткізді деп хабарлайды Jana bastau.kz ақпарат агенттігі.

Алдияр Ансат-Қазақстан шахматының болашағынан зор үміт күттіретін жас спортшылардың бірі. Оның жетістіктері ерте жастан басталды: алты жасында елдегі ең жас спорт шеберлігіне кандидат атанса, 11 жасында FIDE шебері атанды. 13 жасында халықаралық шебер атағын иеленсе, 15 жасында Қазақстан Республикасының ең жас еңбек сіңірген спорт шебері атанды.

Шахматшының ерекше жетістіктерінің бірі-10 жасында Қазақстан чемпионатында қатарынан екі жас санатында жеңіске жетуі. Ол 12 жасқа дейінгі және 14 жасқа дейінгі спортшылар арасында чемпион атанып, ел шахматы тарихында сирек кездесетін нәтижеге қол жеткізді.

15 жасында Алдияр ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында топ жарып, өзінің жоғары деңгейдегі шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Халықаралық гроссмейстер атағын алу - оның көп жылғы табанды еңбегі, үздіксіз жаттығуы мен кәсіби дайындығының заңды жемісі. Бұл жетістік қазақстандық шахматтың дамуына қосылған маңызды үлес әрі жас спортшылар үшін жарқын үлгі саналады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *