Тарихи медаль! Қазақстан XXI ғасырда грек-рим күресінен алғашқы алтынын алды

Спорт
view 82
news

Фотосурет ашық дереккөзден

Қазақстан араға 26 жыл салып, грек-рим күресінен әлем чемпионатының бас жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан грек-рим күресінен әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті. Отандасымыз Айдос Сұлтанғали 60 кг дейінгі салмақтың финалында Әлішер Ганиевтен (Өзбекстан) басым түсті.

Айдос Қазақстанға 26 жылдан кейін ересектер арасындағы әлем чемпионатының алтынын сайлады. Осыған дейін грек-рим күресінен Афиныда 1999 жылы отандасымыз Мхитар Манукян (63 кг) топ жарған. Осы аралықта Алмат Кебіспаев, Мейрамбек Айнағұлов, Демеу Жадыраев, Қорлан Жақанша, Ержет Жарлықасын сынды бозкілем шеберлері бас жүлдеге бір табан жақын болды. Жалпы алғанда Сұлтанғали - егемендік алғаннан бері күрестің осы түрінен ересектер арасындағы әлем чемпионатының финалында күрескен оныншы қазақ палуаны.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *