Еркін Нұржанов отбасындағы қуанышты жаңалықты бөлісті
Жаңалықтар
76
Фотосурет: әлеуметтік желіден
Танымал әнші Еркін Нұржанов қасиетті Рамазан айында қызды болғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ aқпарат агенттігі.
Әншінің 20 ақпанда бесінші баласы дүниеге келген. Жанұясы тағы бір жанмен толыққанын ол әлеуметтік желідегі парақшасында жыр шумақтарымен жеткізді.
"Жеткенде шүкір Алла шын асылға, Еркін балаң сүйінші сұрасын да. Ей жақсылар, сүйінші, қызды болдым, Рамазанның алғашқы жұмасында", - деді Еркін Нұржанов.
Желі қолданушылары әншіге құтты болсын айтып, жылы лебіздерін жазған. Айта кетелік, жаңа туған сәбиден бөлек, Еркін Нұржанов пен жары Динараның шаңырағында екі ұл және екі қыз бала өсіп келеді.
Пікірлер (0)