Есірткімен ұсталған Qaraqesek кейінгі концертке кіре алмай қалды (ВИДЕО)
Жаңалықтар
77
Фотосурет: ашық дереккөзден
Есірткіге мас халде ұсталған рэп-орындаушы Qaraqesek (Амантай Омаров) бостандыққа шықты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Ол жақында Ақтөбеде өткен фестивальде көзге түскен. Рэпер ұйымдастырушыларды қолдауға барғанмен, оны сахнаға шығармаған. Кешігіп қалдың деген желеумен әншіні тіпті ішке де кіргізбепті.
Еске сала кетсек, таяуда ғана Qaraqesek-ке қатысты есірткі сақтау фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс әкімшілік іске ауыстырылған болатын.
Енді әнші сотты күтіп жүр. Оған 160 АЕК-ке дейін (629 120 теңге) айыппұл салынуы мүмкін.
Пікірлер (0)