"Еurovision-2024" конкурсы мәресіне жетті

Жаңалықтар
view 304
news

Бейнежазбадан

"Еurovision-2024" конкурсы мәресіне жетті, деп хабарлайды janabastau.kz.

68-рет өткізіліп отырған конкурста швейцариялық Немо атты әнші "The Code" деген әнімен 591 балл жинап, бірінші орын алды. Бұл швед елінің үшінші жеңісі екен. Бұған дейін 1956 жылы Лис Ассиа, ал 1988 жылы Селин Дион осы елдің атынан қатысып, жеңіске жеткен болатын. 

Екінші орында хорваттық Baby Lasagna атты әнші тұрақтаса, украиналық Alyona Alyona & Jerry Heil тобы Teresa & Maria атты әнімен үшінші орынды еншіледі. 

Немо 1999 жылы Швейцарияның Бил деген қаласында туған, бала кезінен музыкамен әуестеніп, скрипкада, фортепианода және барабанда ойнайды екен. 

Ол өзінің шығармашылығымен гендерлік бірізділік (идентификация), психикалық саулық және өмірден өз орныңды табу сияқты тақырыптарды "жырлайды" екен.

Пікірлер (1)

  • Жаннат

    Не деген сумдык,Евровидение ото жаман жорыктарды таркатады.

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *