Fly Arystan қызметкері халықаралық заңгер Мейірман Шекеевті негізсіз рейстен түсіріп тастаған (Видео)
Сурет: Ашық дереккөзден
"Fly Arystan" әуе компаниясы халықаралық заңгер Мейірман Шекеевті негізсіз рейстен түсіріп тастаған. Бұл туралы заңгер Жасұлан Иса әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады, деп хабарлайды janabastau.kz.
Заңгер өзін себепсіз рейстен түсіргені үшін "Fly Arystan "әуе компаниясын сотқа бермекші.
Бұл жағдайда әуе компания қызметкері рейстен түсіру себебіне түсініктеме бермеген, ешқандай хаттама толтыруды ұсынбаған. Жолаушы, заңгер Мейірман Шекеев билеттің құнында және қосымша жүктің төлемақысында төлегенін айтты.
"Мен халықаралық заңгер Мейірман Шекеев мені Алматыға баратын рейстен түсіріп алды. Қаншама елдің әуежайында ұшып-қонып жүрген азамат өзімнің Қазақстанымда Флай Арыстанның біліксіз қызметкерінің кесірінен мені қазір рейстен түсіріп тастады. Ешқандай хаттама толтырған жоқ, ешқандай бір түсініктеме берген жоқ. Ұшаққа төлеген ақшамды да, оның үстіне төлеген ақшамды да ескерген жоқ", деді заңгер.
Оқиға орнына полиция қызметкерін шақырғанымен, полиция өкілдері ешқандай шара қолдана алмайтынын ашық айтты.
"Біздің құқық қорғау жүйесін түбегейлі өзгерту керек. Дым істей алмайтынын ашық айтып тұр. Мұндай заң бұзушылық не үшін болып жатыр, өйткені әуе компаниясы сеніп тұр. Полиция бұларға дым істей алмайтынын. басқа шет елдегі мемлекетте болатын болса қазір компанияның басшысы алдымызда тұратын еді", - деді халықаралық заңгер Мейірман Шекеев.
Ол Fly Arystan компаниясын алдағы уақытта сотқа беретін мәлімдеді.
Пікірлер (21)
Fly всегда был отстой!
Жәрайсің Аға
Әуе компаниясы болсын, банк болсын қарапайым халыққа келгенде білгенін жасай береді. Өйткені, бізде заң жәй қағаз жүзінде. Хоум кредит банк 300 теңгені 4 айда 20 мың теңге қылып өсіріп жіберіпті, неше пайызбен есептегені белгісіз. Біз сияқты қанша адамды ақымақ қылып отырғандары бір Аллаға аян.
Былтыр жазда Алакөлден Урджардае Алматыға ұшуымыз керек еді 2мин е Кешіктікесікті апай ешкім апай акшамызды да кайтармай 1 сағаттан сон ұшақ ұшып кетті. Давлееием көтеріліп ауырды даже көмек беретін аптечка жок карамай скорый өзім дірілдеп әрен шакырьым. Қарамайды да түсіндірмесі де.
Жарайсыз, соңына дейін барыңыз 👍
Мейрман ағамыздай Азаматтар көп болсын
Ең бастысы ақшасын төлеп тұрғой тегін отырғызайын деп жатқандай.Қайтарама ақшасын түгел қайтарсын Қазақтар үндемейді деп әрқайсымыздың ақшамызды осылай болмашыны сылтауратып ала берсе не болады Мейірман ағайдың жүгі 5 кг ден жарты кг асқан тек және оны төлеген жарты кг ның ақшасын маскара қатты ұятты іс болды Мейірман ағадан
Соңына дейін барыңыз,Мейірман мырза.
Соңына дейін барыңыз,Мейірман мырза.
Мейірман ағаның іс әрекеті орынды.заңды білетін азамат.қазақстанда жүріп ата заң ҒА ,,түсіргені,,болса.басқаларына не айтамыз
Алла жар болсын агамызга, компанияны сотка беру керек оз жумыстарын билсин.
Флай арыстан компаниясына өте ұят. Не масқара . Әділдік жоғалып бара жатыр
Қарапайым халық деп шырылдайтын кісіге Бұндай көргенсіздік көрсетуі дұрыс емес.Мейрман Ағай сияқты халыққа жаны ашыйтын санаулы адамдарды осылар көреалмайма әйтеуір жолын кесуге әлек болып жүр жан-жақтан.
Өз тілімізді білу керек елімізде жасап жүрген әр бір азамат әбден орыс тіліне жатып алған басқа заңды білмейтін адам болса ағаның орнында күйіп қала береді аға сізді алла қорғап қолдап жүрсін әрдайым
Мейірман мырзадай халықаралық заңгерге бұлай көргенсіздік жасаудың өзі ұят болған екен. Флай Арыстан қызметкері істеген ісіне бармағын тістеп, өкінетін болады әлі.
Оте уят тирлик истеп отыр Елим журтым,казагым деп журген Азаматка булай истеу коргенсиздиктин,билимсиздиктин,корсокырлыктын белгиси Алланын кози тура болсын Мейрман Мырза омирге бир келетин адал жан болса оз озинизсиз
Мейрман ағаға бұлай істеу өте ұят нарсе, Халқым Елім Тілім деген азаматты алақанда ұстау керек кой. Бұл мәселені Құқық қорғау органдары жай қалдырмайды деген ойдамын! Қарау керек, қадағалау керек, тексеру керек!!!
Заңды қорғауға өкілеттік берілген құқ қорғау органв азаматтың қүқығын қорғай алмаса, оны кім атқармақ? Заңгер осындай жағдайда өз құқығын қорғай алмаса, қарарайым халық не болмақ? Ондай заңның қандай қажеттігі бар? Бұл жағдай әрбірімізбен болуы мүмкін ғой. Көз жұму ессіздіе. Әуе компаниялардың бассыздығын тоқтату керек. Еңкейгенге еңкей, ол әкеңнің құлы емес, шалқайғанға шалқай, ол құдайдың ұлы емес.
Fly Arystan қызметі өте төмен! Портмоне ні де ручной кладь деп өткізбей миды ашытып тұрып алады көргенсіздер! Дым көрмеген😢
Fly Arystan қызметі өте төмен! Портмоне ні де ручной кладь деп өткізбей миды ашытып тұрып алады көргенсіздер! Дым көрмеген😢
БІЗДІҢ ПОЛИЦИАНЫҢ КҮШІ ҚАРАПАЙЫМ ХАЛЫҚА КЕЛЕДІ ҮИНЕН БАРЫП АЛЫП КЕТУ КӨШЕДЕ ҚАЛТАҢА НПРКОТИК САЛЫП ЖІБЕРУ Т.Б.БІЗДІҢ ЗАҢ ҚОҒАУ ОРГАНДАРЫ ЖОҒАРЫДА ОТЫРҒАНДАҒА БАЙЛАРҒА ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ АЛ ХАЛЫҚҚА ТҮКРГЕНІ БАР.